Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

«Күшті үй сатып алдық»: Мәдина Сәдуақасова туған күнінде өзіне қымбат сый жасады

Танымал

Ел аузында

Мәдина Сәдуақасова 43 жаста! Күні кеше меншікті мерекесін тойлаған әнші өзіне қымбат сый жасады. Ол Алматының элиталы ауданынан өзіне қымбат пәтер сатып алғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әнші ақ тілегін жаудырып, гүл жолдаған тыңдармандарына алғыс айтты. 

«Шүкір Аллаға, бақыттымын! Аллаhым осы бақытымнан айырмай, еселей берсе екен. Өте күшті күн болды! Туған күнді күшті қылатын қасыңдағы, айналаңдағы жандар. Сіздер қаншама құттықтаулар мен тілектеріңізді жаудырып жатсыздар! Мен үшін әрқайсыңыз орны бөлек жансыз. Таныс болсақ та, жеке таныспасақ та бір-бірімізге жақынбыз. Өнеріме рахмет, сіздермен табыстырған. Сіздерге мың – миллион алғыс. Сіздер де бақытты болыңыздар, армандарыңызға жете беріңіздер. Әдемі күн сыйлағандарыңыз үшін», – деді Сәдуақасова. 

Сонымен қатар, Мәдина бұл күні өзіне ерекше қымбат сый жасағанын бөлісті. 

«Ерекше күнде ерекше сыйлық! Жаңа пәтер! Алматының жоғары бөлігінде, таудың таза ауасы мен салқын лебімен, таңертең оянғанғанда бірінші Алатаудың сұлулығын көресің. Сүп-сүйкімді, планировкасы ыңғайлы, ерекше дизайнмен жасалған күшті үй сатып алдық», – деді әнші.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

DISNEY СТУДИЯСЫНЫҢ «МОАНА 2» АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әлемдік премьераларды қазақ тілінде көруге шақырады 28 қараша күні Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Disney студиясының «Моана 2» анимациялық фильмінің...