Дәрігер-диетолог Татьяна Залетова тұмаудың алдын алу үшін иммундық жүйені жақсартуға көмектесетін табиғи өнімдерді тұтыну керек екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik сайты.
“Маусымдық инфекциялармен күресу үшін дұрыс тамақтану керек. Кей өнімдерді табиғи антибиотик ретінде тұтынса болады. Соның ішіндегі ең танымалы – сарымсақ, бала кезде бәрімізге сарымсақ жеу керек дейтін», – деп еске алды диетолог.
Оның айтуынша, сарымсақтың иммундық жүйені белсендіріп, вирустармен күресуге көмектесетіні расымен дәлелденген. Ең бастысы, оны күзгі суыққа дейін және күз мезгілінде жиі жеу керек.
Сонымен қатар, райхан шөбі де ағзаны зиянды микробтардан қорғайтынын дәрігер атап өтті.
«Табиғи антибиотиктер қатарына райханды қосар едім. Ол дезинфекциялық және бактерицидтік қасиеттерге ие. Ол суық тиюдің алдын алады, сонымен қатар асқазан инфекциясын жеңуге көмектеседі», – дейді Залетова.
Алайда сарымсақ пен райхан толыққанды ем бола алмайды. Дәрігердің пайымдауынша, бұл тек профилактика есебінде қолданылуы тиіс.
«Табиғи антибиотиктер инфекциядан қорғануға, алдын алуға көмектеседі, бірақ суық тигенде толыққанды дәрі-дәрмектің орнын алмастыра алмайды. Сондықтан дәрігер берген ем-шара түрінен бас тартуға болмайды», – деп түсіндірді Татьяна Залетова.
Айта кетейік, бұған дейін тамақ ауырған кезде жасайтын шаралар туралы айтқан еді.