Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Татарстан мен Башқұртстан тәуелсіздік алуға дайындалып жатыр деген ақпарат шықты

Танымал

Ел аузында

Ресейдің Украинада жеңіліс табуына Татарстан мен Башқұртстан да дайындала бастады.

Татарстан мен Башқұртстан басшылары тәуелсіздік алуды астыртын зерттеу үшін кеңес жүргізді, деп жазады «DALA INCIDE» telegram-арнасы.

Ресейдің Украинада жеңіліс табуына Татарстан мен Башқұртстан да дайындала бастады. Бұл ретте АҚШ сәл аяғын тартып отыр, олар үшін Татарстан мен Башқұртстанда ядролық қару болмағаны маңызды. Керісінше Ұлыбритания барынша көмектесуге дайын. Аяғын тартса да, АҚШ Stratfor жеке барлау фирмасы арқылы, екі республикадағы халықтың көңіл-күйін білмек.

Әзірге, сарапшылар Татарстан мен Башқұртстанның Ресейден нақты бөлініп шығуы үшін 4 фактордың тұспа-тұс келуі қажет дейді.

Бірінші фактор. Халық қолдауы 
Республика тұрғындарының өздері Ресейден бөлінуді ашық қолдауы керек. Бірақ Татарстан халқының 40 пайызын орыстар құрайды. Татарлар 53%. Оның ішінде шоқынғандары көп. Башқұртстанда жағдай тіпті қиын. Онда орыстар 36%, ал башқұрлар 29 пайызды құрайды. Сондықтан шынайы әділ референдумда көпшіліктің өзі Ресейде қаламыз деп шешуі ғажап емес.

Екінші фактор. Күштік құрылым
Татар мен Башқұр әскері Ресей шабуылына қарсы тұра алатындай қауқарда болуы тиіс. Ал Ресейдың мұндай жағдайда шабуылдайтынына еш күмән жоқ.

Үшінші фактор. Қазақстанмен шекара
Ресей екі елдің де аумағын қоршап тұр. Яғни сыртқа шығар жол жоқ. Жақынырақ тұрған жалғыз дербес мемлекет – ол Қазақстан. Бізге жақын орналасқаны Башқұртстан. Арамызды Орынбор облысының Қуандық және Гай аудандары бөліп тұр. 1925 жылға дейін Орынбор Қазақ АССР-ы астанасы болғанда, қазақ-башқұр шекарасы болған. 

Қазақстан сыртқы доктринасына сай Ресейдің Орынбор облысын Ресейдікі деп мойындайды. Сондықтан Ресейге қарсы соғыс ашуы екіталай. Татарстан бен Башқұртстан ортақ күш салып, Гай және Қуандық аудандарын қарулы жолмен өздеріне қаратса, олар Қазақстанмен ортақ шекараға шыға алады. 

Сыртқы елмен ортақ байланысы болмаса, татарлар мен башқұрлардың бір күн де тәуелсіз болып тұруы мүмкін емес.

Төртінші фактор. Біріккен Ұлттар ұйымы
Біріккен Ұлттар ұйымы Татарстан мен Башқұртстанды тәуелсіз мемлекет ретінде дауысқа салып, арнайы резолюциямен мойындауы тиіс. БҰҰ мойындаса ғана, Қазақстан мойындай алады. Себебі, өз дипломатиялық ережесіне сай, Қазақстан тек БҰҰ резолюциясы бар шешімдерді ғана заңды деп табады.

Қазір Stratfor екі ел басшыларына осы бірінші кезең бойынша кеңес беріп, көмек көрсетпек. Яғни, халықтың көңіл-күйін біліп алу өте маңызды болып тұр. Ол процесс шамамен 1-2 жылға созылатын болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АЛМАЛЫ КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫНДА «ALMALY NIGHT»КЕЗЕКТІ КВИЗ ОЙЫНЫ ӨТТІ

2024 жылғы 23 қазанда Алмалы комьюнити орталығында Алмалы ауданының демалыс орталықтарынан жастарды жинаған "Almaly Night" кезекті квиз-ойыны өтті. Бұл...