Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

13 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
19.3 C
Shymkent

Мөлдір Әуелбекова әкесіне жаңа көлік сыйлап, көзіне жас келтірді

Танымал

Ел аузында

Мөлдір Әуелбекова отбасылық қуанышымен бөлісті. Ол әкесіне су жаңа көлік сыйлады. Өз кезегінде қызынан мұндай сыйды күтпеген Есіркеп әкей көзіне жас алып қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мөлдірдің айтуынша, үйге түсетін кірісті ең бірінші ата-анаға табыстау – олардың отбасындағы айнымас дәстүр. 

«Ал, құтты болсын! Өз басым ата-анама көп көңіл бөлетініме сіздер куәсіздер. Қолдан келгенше қалауларын айтқызбай жасауға тырысамын. Көп сөйлесемін, көп еркелетемін, көп қыдыртамын.

Менің жетістікке жетіп, жарқырап өмір сүріп жүргенім осы ата-анамның маған деген ризашылығынан деп білемін. Аллаға шүкір, әлі де талай қызықтар алда күтіп тұрғанына сенімдімін!

Дәл осы қағиданы курсы етіп сатып және сатып алып жүргендер қаншама?! Ақша мен уақытты үнемдеп, тек жәй ғана, ата-анаға көңіл бөлсеңіз болғаны, арғы жағын Алла өзі ақ реттеп қояды! Ол рас! Ақиқат! Біздің әрбір сәтті қадамымыз, Алланың қалауымен ата-анамыздың көңілінен екенін ұмытпайық.

Әрбірімізге ата-анамыздың ризашылығын алу бақыты бұйырсын!» – деп бөлісті әнші желідегі парақшасында. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұлытау облысында жылқы айдауға шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды

Ұлытау облысында жылқы айдауға шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Жолға мотоциклмен шығып кеткен Қаражал...