Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

«Мұны ешкім байқамай қалады»: Алматы тұрғындары алаяқтықтың жаңа түріне тап болғандарын мәлімдеді

Танымал

Ел аузында

Алматы тұрғындары алаяқтықтың тағы бір түріне тап болғандарын айтты. Зат сатып алу кезінде алаяқтар мобильді аударымның жалған чегін көрсетіп, тауарды алып кетеді. Сөздерінше, чектің түпнұсқадан еш айырмашылығы жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы. 

Тек биылдың өзінде Алматы полициясында алаяқтықтың мыңнан аса дерегі тіркелген. Олардың көпшілігі банк қосымшасы арқылы ақша аударғанда болады екен. 

Алаяқтар жалған чек алу үшін электронды ботты қолданады. Алатау ауданында осындай 20 дерек тіркелген. Ал чектің жалған екенін ешкім білмеген. Прокуратура қызметкерлері зардап шеккендердің көп екеніне сенімді. Дегенмен барлығы құқық қорғау органдарына шағымданбайды.

“Алаяқ телефон сатып алу кезінде мені 210 мың теңгеге алдап кетті. Мұнда күдікті ештеңе жоқ, көз алдымда істеді. Арыз жазу туралы ойлаған да жоқпын, себебі көп жағдайда телефон болмай қалады. Алысқа кеткен соң, таба алмай қаласың», – деді сатушы Мақсат. 

Алаяқтық жасағандар екі жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. 

«Тек Алатау ауданында 3 қылмыстық іс тіркелді, олардың 2-і сотқа жіберілді, үкім бар, 3-ші іс аяқталуға жақын», – деді Алатау ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев. 

Қазір прокуратура қызметкерлері банктерге қауіпсіздік үшін қосымша шаралар енгізу бойынша ұсыныс енгізген. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...