Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Қазақстанда тауық еті тағы 50 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда құс еті бір жылдың ішінде 28 пайызға шарықтаған. Әсіресе сан мен төс еті айтарлықтай қымбаттады. Сарапшылар алдағы уақытта бағаның тағы да өсетінін болжады.

Құс өсірушілер одағының мәліметінше, тауық етінің қымбаттауына құс фабрикаларының тығырыққа тірелуі себеп болған. Өйткені құс өсіруге қажет дәрі-дәрмек пен дәрумендер, шаруашылыққа керек жабдықтардың бәрі шетелден келеді.

Тек тауыққа шашатын жемі ғана елімізде шығады. Осылайша, қымбатшылықтың қыспағына түскен жекеменшік 58 фабриканың он шақтысының жұмысы тоқтап қалған. Шарасыздықтан бес фабрика сатылымға шығарылды дейді Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті. Осы орайда сарапшылар құс етінің бағасы келесі жылы тағы 90 пайызға қымбаттайды деп отыр.

Өйткені геосаяси жағдайға байланысты әлемде логистика мәселесі туып, минералды тыңайтқыштарды жер-жерге жеткізу қиындаған. 

«Негізі құс етінің өзіндік құны жемге байланысты. Кәсіпорындар жемді қиынқыстауға уақытқа сақтап қояды. Енді қазір басым бөлігінде сол жем қоры тауысылып жатыр. Егер бәрі бірдей жаңа жемге көшетін болса, құс етінің құны кем дегенде 50-60 пайызға бір-ақ көтеріледі. Келесі жылдың көктемінде биылғы бағадан 90 пайызға дейін шарықтайды деп ойлаймын», – деді сарапшы Кирил Павлов. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...