Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Алматылық дәрігерлер омыртқаға күрделі ота жасады

Танымал

Ел аузында

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға түскен 45 жастағы әйел белі мен сегізкөзі қатты ауыратынын айтып шағымданған. Айтуынша, бел омыртқасының ауырып жүргеніне 2 жыл болыпты, деп хабарлайды ОҚКА баспасөз қызметі.
Дәрігерлер оны тездетіп аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне жоспарлы түрде жатқызу туралы шешім қабылдады. Тексеру барысында бел омыртқаның (L3) оң жағында экстрадуралды ісік бары анықталды.
«Экстрадуралды ісік жұлын сыртындағы қатты қабықтан тысқары жерде пайда болады. Кейде ісіктің бұл түрі омыртқалардың арасындағы тесік арқылы да таралуы мүмкін. Оның таралу аумағы мен жылдамдығы ісіктің түріне байланысты әртүрлі болады. Бұл жолы пациенттің омыртқасындағы ісікті тез арада алып тастау қажет болды», – дейді Нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісі Марат Алматов.
Мамандар нейромониторинг әдісін пайдалана отырып, ісікті хирургиялық ультрадыбыстық аспиратордың көмегімен кесіп алып тастады. 3 сағатқа созылған ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жасалды.
Операция сәтті өтті, қазір пациенттің жағдайы жақсы, хирургиялық манипуляциядан кейін жүйке жүйесінде ешқандай ауытқушылық пайда болған жоқ.
Дәрігерлердің айтуына қарағанда, мұндай ісіктер ағзадағы ақаулар мен өзгерістерге, қоршаған ортадағы жағымсыз факторлардың организмге кері әсеріне байланысты туындайды. Сонымен қатар мамандар оның тұқым қуалайтынын да жоққа шығармайды.
Ауру белгілері де ісіктің өсуіне қарай өзгеріп отырады. Көбіне бел омыртқа тұсы отырғанда да, жатқанда да ауырады, кейде ауырсыну сезімі арқаға, аяқ пен қолға беріледі. Ісік болуы мүмкін деген күдік туындаған жағдайда невропатологтар магнитті-резонанстық немесе компьютерлік томографияға, кей жағдайда биопсияға жолдама береді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...