Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

«Шектеу қоя алмаймыз»: Cенат төрағасы ресейліктердің Қазақстанға үдере көшуі туралы пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресейдегі ішінара мобилизациядан кейін осы елдің азаматтары жаппай Қазақстанға көшіп жатқаны туралы халық арасында тараған ақпаратқа қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әшімбаев мобилизация Ресейдің ішкі мәселесі екенін еске салып, Қазақстанның лауазымды тұлғасы ретінде пікір білдіре алмайтынын жеткізді. Алайда ресейліктер келемін десе, заңды тұрғыда бірқатар рәсім бар.

«Біздің арамызда келісімдер, шарттар бар. Ресейліктердің елімізге сапарын шектеуге тиісті емеспіз, яғни олар бізге жұмыс сапарымен, туыстарына немесе туризм мақсатында келеді. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтары да Ресейге емін-еркін бара алады. Бұл өзара процесс болғандықтан, оны шектей алмаймыз», – деді Әшімбаев. 

Бұнымен қоса ол елімізде тұрақты тұруын растайтын құжатты беру басқа мәселе екенін айтты. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ететін құжат елімізде қандай да бір мүмкіндіктер береді.

«Біздің заңымызда ондай нақты тармақ бар. Егер белгілі бір елдің азаматы өз мемлекетінің келісімін алмай келсе, Қазақстан оған тұруға ықтиярхат бере алмайды. Бұл талап еліміздің заңнамасында нақты белгіленген», – деп атап өтті Әшімбаев.

Яғни шетел азаматы өз елінен кететіні туралы арнайы парақша мен басқа да құжаттарды ұсынуы тиіс.

«Ал саяси баспананы беру, босқын деп тану мен босқын мәртебесін беру – ол да басқа мәселе. Бұл жағдай халықаралық шарттармен, БҰҰ желісі бойынша мақұлданған тиісті құжаттармен реттеледі. Қазір бұл тұрғыда мәселе көтереліп жатқан жоқ», – деді Мәулен Әшімбаев.

Осы орайда сенат спикері «қазіргі жағдайды тиісті мемлекеттік органдар бақылауда ұстап отырғанын және тиісті мәселелердің қаралатынын» жеткізді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...