Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
-2.7 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері дәріханадан ұялы телефон ұрлаған күдіктіні анықтады

Танымал

Ел аузында

Түркістан қалалық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Онда жәбірленуші бойжеткен өзінің жұмыс жасайтын дәріханасында тұрған «Айфон 13» маркалы ұялы телефонын белгісіз азамат ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 450 000 теңге. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Хабар алысымен қырағы полицейлер тобы жедел әрекет етіп, ұрлық болған дәріханаға бағыт алды. Дәріхана иесі, жәбірленуші бойжеткен, басқа да көрген-білгендерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын мұқият тексерді. Нәтижесінде тәулік ішінде күдіктіні тұрғылықты мекенжайынан анықтады. Ол жергілікті тұрғын, ер азамат болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті дәрі алу мақсатында дәріханаға кірген. Содан соң қараусыз тұрған ұялы телефонға көзі түсіп, оңай жолмен ақша табуды көздеген. Осылайша жанында адамдардың жоқтығын пайдаланып, білдіртпестен телефонды алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Күдіктіден қолды болған ұялы телефон айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді. Мүліктің кез-келген түріне қырағылықпен, асқан жауапкершілікпен қарағанда ғана мұндай жағдайларды азайтуға болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ақпараттық қауіпсіздік мәдениеті ұлттық қорғаныс мәселесі болуы тиіс

Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңа технологияға бейімдеу керек деген өткеннің сарқыншақтарымен жүретін әлдекімге тұрпыдай естілетін сөйлем шығар. Бірақ сол...