Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Қазақстан цифрландырылған 30 елдің қатарына енді – Тоқаев

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge халықаралық форумының пленарлық отырысында Қазақстан БҰҰ-ның ең цифрландырылған 30 мемлекеттің рейтингінде, көптеген дамыған елдерді басып озып тұрғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Астанада Digital Bridge 2022 халықаралық технологиялық форумын ашты. Биылғы форумның тақырыбы «Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде».

Мемлекет басшысы өз сөзінде форумның бүгінгі күн тәртібінде елді дамытудың ауқымды перспективалары айқын көрініс тапқанын атап өтті.

«Адамдық, зияткерлік және ғылыми әлеуеті зор Қазақстан инновацияларды, цифрлық өндірісті және шығармашылықты дамытудың бірегей кеңістігі болып табылады. Бүгінгі таңда тек жекелеген компаниялардың ғана емес, бәсекеге қабілеттілігін анықтаушы фактор болып табылатын цифрлық трансформация екені ешкімге құпия емес.

Сарапшылардың болжамы бойынша, он жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70 пайызы цифрлық платформалық модельдерге негізделеді. Осындай жағдайда Қазақстан өз алдына еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу стратегиялық міндетін қойды.

Бұл үшін берік негіз бар. Бүгінде Қазақстан көптеген дамыған елден озып, БҰҰ-ның цифрланған мемлекеттер рейтингінде үздік отыз елдің қатарына кіреді», – деді Тоқаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...