Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17.5 C
Nur-Sultan
20.1 C
Almaty
21.8 C
Shymkent

Өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен жас жігіт анықталды

Танымал

Ел аузында

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өз арызында, тұрғын үйінің алдында тұрған «Ауди-100» маркалы көлігін белгісіз біреулер рұқсатсыз айдап кеткені бойынша шағымданды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті.
Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастады. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін, қажетті барлық шаралар атқарылды. Тәртіп сақшылары, небары тәулік ішінде жәбірленушінің көлігі тұрған орын мен және күдіктінің жеке-басын анықтады. Яғни жүйелі жүргізілген жұмыс нәтижесінде ұрланған көлік егістік алқаптан табылды. Қазіргі таңда күдікті деп танылған жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Анықталғандай күдікті түнгі уақытта көшеде, кілттенбеген көлікті байқап, діттеген жеріне жету үшін айдап кеткен. Біраз уақыт өткенде автокөліктен кінәрат шығып, егістік алқапта қалдырып кеткені белгілі болды. Көлік иесіне қайтарылды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...