Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-15 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

«Айсараны жек көрудің қажеті жоқ»: Енесіне қол көтерген актриса елге өтінішін айтты

Танымал

Ел аузында

Дариға Бадықова «Келінжан» сериалында сомдауға қиын түскен сахна жайлы әңгімеледі. Ол Айсараның образын ашу үшін үлкен кісіге қол көтеруге мәжбүр болғанын айтып, елден Айсараны жек көрмеуді өтінді. Сөзінше, бұл сахнаны алып шығу өзіне де оңай соқпаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Көрермен көзайымына айналған отбасылық телехикаяның кезекті бөлімінде бетбақ Айсара енесіне қол көтеріп, күйеуі мен оның отбасына тіл тигізеді. Бұған шыдай алмаған Қылышбек әйелін шапалақпен тартып жібереді. Дариға Бадықова бұл сахнаны алып шығу өзіне де оңай соқпағанын айтып, халықтан Айсараны жек көрмеуді сұрады. 

«Осы сахна қиыын болды. Біраз дубль жасалды. Жаңа көріп отырып, жүрегім ауырды. Жақсы адамды ойнау оп-оңай. Жалмауызды ойнау қиын. Жеткізу үшін неше түрлі сезімді бересің. Өз жадыңнан шығу үшін, сөзді туғызып сөйлейсің. Өзім сеніп қалдым, бұндай товары құрсын деп. Бұны сабақ деп қабылдаңыздар. Бұндай іске жоламаңыздар.

Мен қарсылық білдірдім, үлкен кісіні бұлай ұрып жібермейді, ұят болады деп. Режиссер «ұрып жібергені былай тұрсын, енесімен жұлысатындар бар ғой өмірде» деді. Режиссер солай көріп тұрса, қарсы шыға алмайсың! Айсараны жек көрудің қажеті жоқ! Осы образбен алданған әйелдердің жанталасын, тығырыққа тірелгенін, басының дауға қалғанын көрсетті. Өмірде болған жағдай», – деп түсіндірді Бадықова.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Михаил Шайдоров — Олимпиада чемпионы

Алматылық спортшы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында топ жарып, ерлер арасындағы жекелей сайыста Олимпиада...