Қаңтар туралы ақпарат таратқан журналист 15 күнге қамалды

Танымал

Ел аузында

Журналист таратқан видеода үйінің маңында төрт жеңіл көлік тұрғанын көруге болады.

12 қазанда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты журналист Думан Мұхаммедкәрімді 15 тәулікке әкімшіллік қамауға алу туралы қаулы шығарды. Сот оған «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айып таққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

49 жастағы журналист Думан Мұхаммедкәрімге полиция сәрсенбі күні таңертең келген. Сол кезде журналист Азаттыққа үйінің жағында полиция қаптап тұрғанын, қазақ тілінде толтырылған шақыртуды талап еткенін айтқан.

Журналист таратқан видеода үйінің маңында төрт жеңіл көлік тұрғанын көруге болады.

“Мен ешқандай заң бұзған жоқпын. Қазанның 25-і кезектен тыс сайлауға қарсы шығамыз деп, Алматыдағы орталық алаңға шығайық деп үндеу тастағам. Қоғам белсенділермен бірлесіп шешімге келдік. Бес жұмыс күні қалған кезде біз өзіміздің ескертуімізді береміз, рұқсат күтіп отырмаймыз. Ел-аймақтардан барлығын шақырғанбыз, соған бола келген болар”, – деген еді журналист.

Түстен кейін ол адвокатымен Іле аудандық полиция бөлімшесіне шақыртумен келген. Сот кешкі сегізде аяқталды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті. Академия президенті, профессор...