Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Клиникада Ашық есік күні өтті

Танымал

Ел аузында

Алматы аймақтық көпсалалы клиникада 8 және 15 қазан күндері «Розовый октябрь» сүт безі қатерлі дертіне қарсы Ашық есік күні өтті.
Ашық есік күні клиниканың бейінді мамандары Алматы қаласы мен облыс тұрғындарын қабылдап, тексеруден өткізді. Дәрігерлер 146 пациентті тексеруден өткізіп, кеңестерін берді. Өкінішке орай 2 пациенттен сүт безі қатерлі дертінің белгілері анықталып, толыққанды тексеруге жіберілді.
Естеріңізге сала кетсек, Алматы аймақтық көпсалалы клиникасында «Розовый октябрь» сүт безі қатерлі дертіне қарсы Ашық есік күндерін өткізу жалғасады. 22 және 29 қазан күндері сағат 9:00- 13:00 аралығында Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары онкомаммолог және онкогинекологтың тексеруінен өтуіне болады.
Сүт безі қатерлі ісігінің белгілері:

• көкіректе түйін сезіледі;
• бір омырау екіншісінен үлкен болып, көлемі өзгереді;
• төс тығыздалып, белгісіз сұйықтықтың не ірің бөлінуі;
• тері түсінің өзгеруі (қызарып, солғын тартады);
• ісік үстіндегі теріде ойықтар мен қабықшалар пайда болады;
• сүт безіндегі ауырсыну (әсіресе, етеккір келгенде);
• қолтықтың маңайы тығыздалып, ісік пайда болады;
• қолда ісік пен ауырсыну білінеді (бір жағында);
• әлсіздік пайда болады, жүрек айнып, бас айналады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...