Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Патрульдеу кезінде көлігінің терезесін күңгірттеген 5000 жүргізуші анықталды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы ПД ЖПҚ Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәулік бойы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп келеді.

Соның ішінде күнделікті атқарылған рейдтік-профилактикалық іс-шара барысында, 9 айдың ішінде 509-баптың 5-бөлігі күн көзінен күңгірттеу (тонировка) бойынша 5315 дерегін анықтаған. Негізінде жүргізушілер арасында кең таралған жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі, осы автокөліктің терезесін күңгірттеу. Мәселен патрульдік полиция батальонының инспекторы Ғалымжан Жақсылықов, республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолында патрульдеу кезінде, автокөлігінің терезелерін күңгірттеп алған жүргізушіні тоқтатады. Аталмыш «Toyota Camry» маркалы көліктің жүргізушісі Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Оның құжаттарын тексеріп, күңгірттеп алу заңға қайшы екені түсіндірілді. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігімен «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» хаттама толтырды. Осыдан соң полицей жүргізушінің терезесіндегі күңгірттелген пленканы алып тастауын қадағалап, қандай да бір орын алуы мүмкін жол апатының алдын алды. Жалпы облыс полицейлері мұндай құқық бұзушылық жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастыруда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Fix Price Қазақстандағы ең қарқынды дамып жатқан non-food ритейлерлердің бірі атанды

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Fix Price дүкендер саны 349-ға жетіп, бір жыл ішінде 62 сауда нүктесіне көбейді. INFOLine аналитикалық агенттігінің...