Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Полицейлер түнгі уақытта қараусыз жүрген жылқыны ұстап, иесін анықтап, алғыс алды

Танымал

Ел аузында

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Ерлан Абдукадиров пен полиция аға лейтенанты Дилмурад Тойчибаевтар, түнгі уақытта ауыл ішінде бос, қараусыз жүрген жылқыны байқап, оны ұстап алды.

Мұндағы мақсат жылқының ұрылардың қолына түсіп қалуынан сақтау мен жолға шығып кетіп қандай да бір жол апатын жасауының алдын алу. Осы бағытта өзгенің жылқысын жетектеген полицейлер оны бөлімге жеткізді. Содан бірден үй жануарының иесін табу бағытында қызмет атқарды. Жеделдетілген іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, таңертең Сайрам АПБ-нің қызметкерлері жылқының егесін анықтап, оған ескерту жасады. Ал жылқысы табылған Сайрам ауданының тұрғыны полицейлердің қырағылықтары мен жауапкершіліктеріне алғысын жаудырып, жұмыстарына сәттілік тіледі. «Жылқым ауламдағы қорада тұрған еді, қалай сыртқа шығып кеткенін білмедім. Десекте малымды тауып, оны қауіпсіз жерде ұстаған полицейлерге рақмет!»-деп атап өтті тұрғын өз сөзінде. Ал полиция қызметкерлері ауыл тұрғынына, үй жануарларын қараусыз қалдырмауға, алдағы уақытта өте сақ болуға кеңес берді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы жастары оқу жылын экологиялық жауапкершілік пен ел болашағына қамқорлықтан бастады

Алматыдағы ЖОО-да бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі жалғасуда. Биылғы бірінші курс студенттері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан”...