Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Ақшаңды көбейтіп беремін деген алаяқ әйелге сот үкімі шықты

Танымал

Ел аузында

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне бірнеше тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғандарын жеткізді.

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне бірнеше тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғандарын жеткізді. Олардың айтуынша алаяқ әйел, «WhatsApp» желісінде чат ашып, ондағы қосылған адамдарға ақша салған жағдайда бес күнде 40 пайызға көбейтіп бере алатынын айтып сендірген.

Ал оған сенім білдірген бірнеше тұрғындар түрлі көлемде ақша салып, соңында алданғандарын түсінген. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Хабар алысымен мақтааралдық полицейлер жедел әрекет етіп, тұрғындарды алдап, ақшасын алған күдіктіні қолға түсіру бағытында қарқынды іздестіру шараларын жүргізді. Полицейлер алаяқтық қылмысын ашу мақсатында жәбірленушілерден нақты мәліметтер алды. Келіп түскен ақпарат көздері арқылы тұрғындарды алдаған жұмыссыз, орта жастағы көпбалалы әйел екені анықталды. Күдікті әйел бұған дейін де алаяқтық жасап, бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, өтеп жүргені белгілі болды. Ол өзіне сенген тұрғындармен тілдесіп, 3 жәбірленушіден 400 000 теңгеге жуық ақша алып, бас пайдасына жаратып жіберген. Полицейлер осы қылмыстық істі соңына жеткізу үшін, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Нақты дәлелдерді келтіре отырып, іс-құжаттарын жинақтады. Осылайша жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Бүгінде Мақтаарал аудандық сотының үкімімен күдіктінің кінәсін мойындауы, шығынды өтеуі мен көпбалалы ана екені ескерілді. Нәтижесінде сот 35 жастағы жұмыссыз әйелге алдын тағайындалған жазаны ішінара қосып, түпкілікті 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Яғни әйел ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша кінәлі деп танылды.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

DISNEY СТУДИЯСЫНЫҢ «МОАНА 2» АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әлемдік премьераларды қазақ тілінде көруге шақырады 28 қараша күні Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Disney студиясының «Моана 2» анимациялық фильмінің...