Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Түркістан облысы полицейлері жоғалған 8 жасар баланы үйіне қайтарды

Танымал

Ел аузында

Түркістан қалалық полиция басқармасына түскі сағат 14:30 шамасында қала тұрғыны 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Әйелдің айтуынша азанғы уақытта мектепке кеткен Рамазан есімді 8 жасар ұлы үйіне қайта оралмаған.
Түркістан ҚПБ ювеналдық полиция тобының қызметкері полиция капитаны Медет Тұрсынбек хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Мектеп оқушысын табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полицейдің жан-жақты іздестіру жұмыстарының арқасында, небары 5 сағат ішінде бала 2 шақырым жердегі балалар ойнайтын алаңқайдан табылды. Осылайша, жоғалған бала ата-анасына аман-сау күйінде тапсырылды. Тәртіп сақшысының анықтауынша ойын баласы мектептен шығып, достарымен ойнап жүріп, үйден 2 көше ары қарай кетіп қалған.
Өз кезегінде баланың анасы полицейдің қырағылығына риза болып, алғысын білдірді. «Мен, мектепке кеткен баламды жоғалтып алдым. Содан соң полиция қызметкерлеріне хабарластым. Полицейлер дер кезінде баламды тауып берді. Осы полицейге алғысым шексіз.»-деп жүрекжарды сөзін арнады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...