Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

eGov mobile Huawei AppGallery жүктеу бойынша ТОП 10 қосымшасының қатарына енді

Танымал

Ел аузында

Huawei AppGallery пайдаланушыларының саны жыл сайын артып, ал дүкен ассортименті жаңа қосымшалармен жаңартылып келеді. Көптеген Huawei AppGallery пайдаланушылары жергілікті қолданбаларды жүктеп алуды жөн көреді.
Huawei 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегі аралығында Қазақстандағы AppGallery жүктеп алу бойынша үздік 10 қосымшаны атады. Танымал қосымшалар тізіміне eGov mobile және БЖЗҚ, сондай-ақ Otbasy Bank және ForteBank сияқты қазақстандық мобильді қосымшалары енді. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер санатындағы ең танымал мобильді қосымшалардың қатарында Tik Tok, Telegram және VK бар. Ал AITU қазақстандық қосымшасы сегізінші орында тұрақтады.
AppGallery-де ең көп жүктелген он қосымшаның толық тізімі төмендегідей:
1. Tik Tok
2. Telegram
3. VK
4. ДругВокруг
5. Snapchat
6. SHAREit
7. Likee
8. AITU
9. Mail.ru
10. Одноклассники

Қазақстандағы HUAWEI Device бас директоры Сяо Лянг:
«Біздің пайдаланушылар қазақстандық компаниялардың қосымшаларын белсенді түрде пайдаланып жатқанына және қосымшалар тізімі жыл сайын артып жатқанына қуаныштымын. Біз бүкіл әлем бойынша Huawei пайдаланушылары үшін қызықты қосымшаларды жасайтын әзірлеушілермен белсенді ынтымақтастықты жалғастырамыз. Біз үшін басты мақсат Huawei құрылғыларын пайдаланушылардың қанағаттануы болып табылады»
Huawei AppGallery — HUAWEI құрылғыларында қолданбаларды іздеуге және жүктеп алуға ыңғайлы алаң. Пайдаланушы құпиясын қорғауға басымдық бере отырып, AppGallery бірегей пайдаланушы тәжірибесін жасау үшін Huawei компаниясының инновациялық бағдарламалық және аппараттық технологияларын пайдаланады. Таңдаулы қолданбаларды ыңғайлырақ және қызықтырақ жүктеп алыңыз. Ата-ана бақылауының арнайы режимі балалар үшін қол жетімді.

Қатаң қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмдері
AppGallery-де қатаң қауіпсіздік тетіктері бар. Оларға зиянды әрекетті анықтау, құпиялылықты тексеру, жариялаушының қауіпсіздігін тексеру кіреді. Бұл AppGallery қосымшаларын пайдалану кезінде пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Huawei AppGallery 170-тен астам елдер мен аймақтарда Huawei құрылғысының пайдаланушыларына қызмет көрсететін үздік үш қосымша дүкенінің бірі болып табылады. AppGallery қолданбалар дүкені Huawei Mobile Services бөлігі ретінде әлемдегі үшінші ең танымал қосымшаларды тарату платформасы болып табылады.

AppGallery жаһандық және локализацияланған жоғары сапалы қосымшалар мен инновациялық
тәжірибелердің үлкен саны бар қосымшалар нарығын білдіреді. Қосымшалар дүкенінің күшті
жақтары мен артықшылықтары бұрыннан белгілі, бірақ ең негізгілерін атап өткен жөн:
• Дүние жүзі бойынша 500 миллионнан астам белсенді пайдаланушы бағалаған барлық түрдегі 200
000-нан астам қосымша, ол қалаған барлық қосымшаларды қауіпсіз және сенімді жүктеп алу және
AppGallery арқылы сатып алуға мүмкіндік береді
• AppGallery — Huawei ұялы байланыс қызметтерінің интеграциясын алға жылжытуға арналған
перспективалы платформа
• AppGallery қосымшасына 18-ден астам жаһандық және жергілікті қосымшалар санаттары кіреді
• AppGallery ғаламдық аудиториясы 750 миллионнан астам пайдаланушыны құрайды
• 2018 жылы іске қосылғаннан бері платформаға 5 миллионнан астам әзірлеуші қосылды
• 200 мыңнан астам қосымшалар HMS Core қызметтерімен біріктірілген

HUAWEI Consumer Business Group туралы:
HUAWEI өнімдері мен қызметтері 170-тен астам елде қолжетімді, ғаламшардың үштен бір халқы пайдаланады.
Компания АҚШ, Германия, Швеция, Ресей, Үндістан және Қытай сияқты мемлекеттерде 14 ғылыми-зерттеу орталығын
ашты. HUAWEI Consumer BG — смартфондарды, ноутбуктар мен планшеттерді, тасымалдайтын электрониканы,
мобильді кеңжолақты кіру құрылғыларын, үйге арналған шешімдерді, сондай-ақ бұлттағы қызметтерді әзірлеумен және
өндірумен айналысатын HUAWEI компаниясының үш бизнес бөлімшелерінің бірі болып табылады. HUAWEI ғаламдық
желісінің артықшылықтары, дүние жүзіндегі операциялық қызметтерінің көлемі және дамыған серіктестік желісі
телекоммуникация саласындағы 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесінің негізінде құрылған.


Гания Аркенова
Қазақстандағы HUAWEI Consumer Business Group PR менеджері

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...