Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Прокурор Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Танымал

Ел аузында

Прокурор Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress.kz сайтына сілтеме жасап.

31 қазанда Атырау қаласының №2 сотында Хаменованың ісі бойынша тараптар жарыссөзі басталды.

«Мүлігі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан және жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны өтеу орташа қауіпсіздік мекемесінде белгіленсін. Хаменова «Құрмет» орденінен айырылсын. Сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейінге шегеруді сұраймын», – деді прокурор Лаура Асанова.

Сондай-ақ, прокурор облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке де орташа қауіпсіздік мекемесінде жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Пара берді деген күдікке ілінген Адамовты прокурор төрт жылға бас бостандығынан айыруды, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуді ұсынады.

Еске салайық, Бақытгүл Хаменова алдын ала келісім бойынша пара алды деп айыпталып отыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...