Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.4 C
Nur-Sultan
26.8 C
Almaty
35.3 C
Shymkent

Полицейлер жасырын цехті анықтап, одан 8 тоннадан астам кір жуғыш затын тәркіледі

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Түркістан қаласында контрафактілік өнім дайындау жасырын цехті анықтап, оның қызметіне тосқауыл қойды.
Бұл жайт ҚР ҚК 222-бабы 1-бөлігі «Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану» бойынша Түркістан ҚПБ-ға тіркеуге алынды.
Нәтижесінде полицейлер 4 күдіктіні ұстады. Оның бірі контрафактілік өнім дайындауды ұйымдастырушы, Түркістан қаласының тұрғыны болса, екеуі Түркістан қаласының тұрғындары және 1 Өзбекстан азаматы.
Жедел уәкілдер аталмыш үйдің ауласын тінту кезінде, 40 келі қаптарға оралған ұнтақ затты тапты, олардың саны шамамен 200 дана. Сонымен қатар электронды таразылар, тығыздағыш машиналар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұнтақты заттың жалпы салмағы 8 тоннадан асты.
Ал, күдіктілер қаптағы ұнтақтарды полиэтилен пакеттерге шамалап салып, яғни «Ariel», «Миф», «Tide» және «Persil» сияқты кір жуғыш заттардың белгілі брендтерін қолдан жасаған.
Полицейлер жинақталған материалдарды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», реализуемого по поручению Президента, ведётся системная работа по материально-техническому...