Елімізден 54 миллион теңгенің бензині заңсыз шығарылған

Танымал

Ел аузында

«Жанармай қоспасы» деген желеумен құны 54 миллион теңге болатын бензинді Қазақстаннан алып шықпақ болғандар анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

«ҚМА Павлодар облысы бойынша департамент қызметкерлері жалпы құны 54 миллион теңге болатын 165 тонна көлеміндегі АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон цистернаны «жанармай қоспасы» деген желеумен елден заңсыз әкету дерегін анықтады. Сондай-ақ, сол компания 89 миллион теңге тұратын көлемі 280 тонна АИ-95 маркалы бензині бар 5 вагон цистернаны Өзбекстанға экспорттамақ болған кезде ұсталды», – делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, осы компания Өзбекстан мен Тәжікстанға 90 миллион АҚШ доллары көлемінде 100 мың тоннадан аса жанар-жағармай экспорттауды көздеген. Серіктестік директоры өз кінәсін толық мойындады. Тәркіленген бензин құйылған цистерналар мемлекет кірісіне айналдырылды, 54 миллион теңге мемлекет кірісіне өндірілді. Сот үкімі бойынша ЖШС директоры кінәлі деп танылып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Психикалық денсаулық саласы: жаңа мүмкіндіктер мен заманауи тәсілдер

Алматы облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Алимбек Тәжеков өңірдегі қызметтің дамуы мен болашақ жоспарлар туралы әңгімелейді. — Әлімбек Мұхтарұлы, өзіңіз...