Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесті

Танымал

Ел аузында

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жиын қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, дипломатиялық корпуспен кездесу екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған игі дәстүр екенін атап өтті.

Президент Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар және халықаралық ұйымдардың басшыларына елімізде түрлі салада ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ адам құқықтарын қорғау мәселелеріне, соның ішінде өлім жазасын жоюға, конституциялық түзетулерді қабылдауға, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рөлі мен мәртебесін арттыруға ерекше назар аударды.

«Өз саясатымызда «біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» деген постулатты берік ұстанамыз. Сондықтан азаматтық қоғамның рөлін арттыруға, түрлі қоғамдық күштерді біріктіруге, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыруға маңызды іс-шаралар қабылданып жатыр», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның демократияландыру және кешенді қоғамдық-саяси өзгерістер бағыты өзгермейтінін атап өтті.

«Жаңа модель биліктің тұрақты ротациясын және Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін одан әрі демократиялық тұрғыда дамуын қамтамасыз етеді. Бірнеше аптадан кейін өтетін кезектен тыс Президент сайлауында осы өзгерістер ескеріледі. Бұл сайлау Қазақстанда жаңа саяси дәстүрді қалыптастырады, жаңа саяси дәуірге жол ашады. Біздің басты мақсатымыз – әрбір азамат өз әлеуетін іске асыруы үшін тең жағдай мен мүмкіндік жасалатын Әділетті Қазақстанды құру. Әділеттілік идеясы бұдан былай халықтың әл-ауқатын арттыруға, азаматтардың қажеттіліктері мен сұраныстарына жедел назар аударуға бағытталған Қазақстанның барлық мемлекеттік саясатының өзегі болады. Мен және менің Әкімшілігім Президент сайлауын ашық және әділ өткізу үшін барлық жағдайды жасаймыз», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның қабылдаған жаңа экономикалық бағыты шынайы еркін нарықтық экономика құруға бағытталғанын ерекше атап өтті.

«Экономиканы монополиядан арылту – біздің ұлттық басымдығымыз. Біз дұрыс жолдамыз. Жетекші халықаралық қаржы агенттіктері Қазақстанның экономикалық өсімді ынталандыру жөніндегі күш-жігерін оң бағалады және Қазақстанның егемен рейтингін «тұрақты» болжаммен растады. Біз ашық экономика қағидатын ұстанамыз. Әлемнің 180 елімен сауда қатынастарын жүргіземіз. Бүкіл әлемдегі экономикалық күйзелістерге қарамастан, біздің шикізаттық емес өнім экспорты шамамен 40 пайызға өсті. Біз инвестиция тарту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылық позициямызды одан әрі нығайтуға ниеттіміз», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесіне арнайы тоқталды. Сонымен қатар сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективаларына назар аударып, еліміздің аграрлық, өндірістік сектор, энергетика , «жасыл» қаржы салаларындағы әлеуеті зор екенін атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-мен тығыз ынтымақтастықта Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың негізгі қағидаттарын сақтауды қолдайтынын атап өтті.

«Ядролық қаруды қолдану туралы қауіпті мәлімделердің артқаны байқалады. Атом энергиясы адамзаттың орасан зор жетістігі екенін есте ұстаған жөн. Оны жойқын қару ретінде емес, халықтарымыздың тек бейбіт өмірі үшін пайдалану керек», – деді Президент.

Сондай-ақ дипломатия халықаралық қатынастарды басқарудың, қауіп-қатерлерді азайтудың және қауіпсіздік пен әл-ауқатты нығайтудың бірден-бір құралы болып қала беретінін айтты.

«Біз сіздердің елдеріңізбен және ұйымдарыңызбен Қазақстан арасындағы достық және өзара тиімді байланыстарын тұрақты нығайтуға ұмтылуымыз керек. Осы ретте кәсіби көмектеріңіз бен бірлескен күш-жігеріміз маңызды. Сіздердің барлық конструктивті бастамаларыңызға менің Әкімшілігім мен Қазақстан Үкіметі тарапынан лайықты жауап беріліп, қолдау көрсетілетініне сенімді болыңыздар. Сіздер өкілдік ететін мемлекеттер мен үкіметтердің басшыларымен арадағы конструктивті диалог пен серіктестікті жалғастыруға ниеттімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында дипломатиялық корпустың дуайені – Палестина Мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мунтасер Әбу Зейд сөз сөйледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Новые возможности для целеустремленной молодежи

В Алматы озвучены итоги формирования регионального кадрового резерва. Напомним, что основной целью регионального кадрового резерва является  формирование региональных пулов...