Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Полицейлер «Есірткісіз болашақ» акциясын өткізді.

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласындағы «Түркістан жоғары медициналық колледжінде» жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Есірткісіз болашақ» акциясын өткізді.
Акцияға 150-ден аса оқушы мен студент қатысты. Тәртіп сақшылары кездесу барысында есірткі заттарының адам өмірін қалай құртатынын, сондай-ақ оның соңы қылмыспен аяқталатынын түсіндірді. Мысал ретінде нашақорлыққа байланысты бірнеше бейнероликтер көрсетіліп, оқушылардың қызықтырған сауалдарына жауап берді.
Студенттер аталған іс-шарада ой пікірлерін жеткізіп, белсенділік танытты.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы «Хикметтердің» көне қолжазба нұсқасына қол жеткізді. Жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған...