Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

МӘМС шеңберінде салалық мамандардың көмегіне жүгінуге болады

Танымал

Ел аузында

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері амбулатория деңгейінде салалық мамандардан консультация алу жайлы түсіндіріп берді.
Басқарма жетекшісінің орынбасары м.а. Назгүл Иманғалиеваның айтуынша, салалық маманның қабылдауына емханадағы жалпы практика дәрігері арқылы жазылуға болады. Содан кейін пациенттің денсаулық жағдайына қарай профильдік маманға жолдама беріледі. Бұл науқастың ғана емес, маманның да уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Салалық мамандардың консультациясы, КТ/МРТ, рентген сынды тағы да басқа диагностикалық қызметтер сақтандырылған азаматтарға міндетті медициналық сақтандыру арқылы көрсетіледі. Ол үшін емдеуші дәрігердің жолдамасы қажет. Дәрігер жолдаманы тиісті көрсетілімдер мен ауру белгілеріне қарай жазып береді», – дейді маман.
Тағы бір ескерте кетерлігі, қажетті қызмет түрі емханада көрсетілмейтін болса пациентке басқа емдеу мекемесіне жолдама берілуі тиіс. Қызмет медицина ұйымдары арасындағы қосымша келісімшарт негізінде көрсетіледі.
Сонымен қатар, учаскелік дәрігердің жолдамасын қажет етпейтін жағдайлар да болады. Мысалы, салалық маман қойған диагнозды нақтылау мақсатында қосымша инструменталдық тексеру жүргізу қажет болғанда, шұғыл стоматологиялық көмек қажет болса, тіркелген емханадағы акушердің немесе писхолог маманның қабылдауына кіруге, дерматовенорологиялық сырқаттарды емдеу үшін жолдама алудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайларда аталған қызметтерді көрсететін клиниканың тіркеу бөлімі арқылы жазылса жеткілікті.
«Ал, шұғыл жағдайларда медициналық көмек кешіктірмей көрсетілуі тиіс. Егер емхана қызмет көрсетуден орынсыз бас тартқан жағдайда клиника жанындағы пациенттерді қолдау қызметіне хабарласып, мәселені сол жерде шешуге болады», – деді Назгүл Иманғалиева.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АЛМАЛЫ КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫНДА «ALMALY NIGHT»КЕЗЕКТІ КВИЗ ОЙЫНЫ ӨТТІ

2024 жылғы 23 қазанда Алмалы комьюнити орталығында Алмалы ауданының демалыс орталықтарынан жастарды жинаған "Almaly Night" кезекті квиз-ойыны өтті. Бұл...