Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Үй құстарын ұрлаған кентаулық анықталды

Танымал

Ел аузында

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, үйінің алдына жайылымға жіберген 6 бас қаз, яғни үй құстарын белгісіз біреу ұрлап кеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынып, шұғыл іздестіру шаралары атқарылды. Тәртіп сақшылары ұрлық орын алған аймақты аралап, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын қарап, мұқият тексеру жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы үй құстарын артып әкеткен көлік анықталып, оның жүргізушісі күдікке ілінді. Содан күмәнді жүргізушінің жеке басы анықталды. Жас жігіт полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, күдікті жол бойында қараусыз жүрген құстарды үйіне жасырған. Ол құстарды сатып, оңай жолмен олжалы болғысы келген. Алайда ойы іске аспай, тәртіп сақшыларының қырағылығы арқасында үй құстары тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Өз кезегінде қаздардың иесі, жергілікті тұрғын шынайы ризашылығын білдіріп, полицейлерге алғысын жаудырды. Жұмыстарына сәттілік тіледі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

18 наурыз – «Ұлттық киім күні» №76 бөбекжай балабақша бүлдіршіндері ұлттық киіммен «Қара жорға» биін биледі

2025 жылдың 18 наурызында Қазақстанның 76 балабақшасының бүлдіршіндері Ұлттық киім күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Бұл күні балалар өздерінің...