Алматы қаласы №21 қалалық емханасында реабилитация кабинеті ашылды. Онда кардио, нейрореабилитация, жарақаттан кейінгң және балаларды оңалтудың үшінші кезеңі жүргізіледі. Оған пациент денсаулығын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешені кіреді, деп хабарлайды емхананың баспасөз қызметі.
№21 қалалық емхана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Дина Тапалова атап өткендей, медициналық оңалту тәртібі медициналық оңалту қызметін көрсету қағидаларымен айқындалады. Медициналық оңалтудың үшінші кезеңі туа біткен аурулары бар адамдарға жіті жай-күйлерден, хирургиялық операциялардан, жарақаттардан кейін, негізгі ауруды емдеу аяқталған соң, қабынудан тыс аурудың созылмалы ағымы кезінде оңалту бөлімшесінде (кабинетінде) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына және диагностика мен аурулардың бейіні бойынша емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Д. Тапалова емхана жағдайында физиоем, уқалап емдеу, кинезиотерапия, инемен рефлексті емдеу, гирудотерапия жүргізілетінін атап өтті. Медициналық оңалту тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі.
Дәрігердің айтуынша, мүгедектікке және оңалту қажеттілігіне әкелетін патологиялық факторларға жүйке жүйесінің әртүрлі құрсақішілік зақымданулары, босану кезіндегі ми жарақаттары, балалардағы инфекциялық-қабыну аурулары жатады. Ересектер арасында мүгедектіктің көп тарауына ми қанайналымының бұзылувна әкеп соқтыратын қан-тамыр аурулары себеп
Дина Тапалованың айтуынша, емдеу-қалпына келтіру процесінде оңалту қызметінің маңызы зор. Өйткені ол ағза қызметі бұзылған адамдарға бейімделуді, ағзаның қызметін толық немесе ішінара қалпына келтіруді, ауру қарқынын бәсеңдетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
№21 қалалық емхана тіркелген 42 396 адамға қызмет көрсетеді; оның ішінде ересектер саны – 24 109, балалар – 16 439 және жасөспірімдер – 1851.
№21 емханада оңалту кабинеті ашылды
Танымал
Ел аузында
Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.
Сайт әкімшілігі