Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қазақстанда премиум санатындағы HUAWEI nova 10 смартфондарының сатылымы басталды

Танымал

Ел аузында

Huawei Device Қазақстанда HUAWEI nova 10 сериясы сатылымға шыққанын хабарлады. Ол – премиум санатындағы жаңа әрі сәнді  HUAWEI nova 10, HUAWEI nova 10 Pro және HUAWEI nova 10 SE смартфондары.

10-шы буын пайдаланушыларды жарқын дизайнымен және алдыңғы камерасының зор мүмкіндіктерімен таңқалдырмақ. Алдыңғы камераға және сырт жағындағы камераға бір уақытта түсіру мүмкіндігін беретін «Бейнеблог» функциясының арқасында сапалы контент жасап, үнемі трендте болуға жол береді. HUAWEI nova 10 сериясының сатылымы 10 қарашада басталады.

• «Жылтыр қара» және «Жарқыраған күміс» түстердегі HUAWEI nova 10 Pro ұсынылған бөлшек сауда бағасы 329 990 теңге. Сатып алу кезінде HUAWEI WATCH GT Runner сыйлыққа беріледі

• «Жылтыр қара» және «Жарқыраған күміс» түстердегі HUAWEI nova 10 Pro ұсынылған бөлшек сауда бағасы 259 990 теңге. Сатып алу кезінде HUAWEI WATCH FIT Active сыйлыққа беріледі

• «Жылтыр қара», «Жарқыраған күміс» және «Жалбыз жасыл» түсті HUAWEI nova 10 SE ұсынылған бөлшек сауда бағасы 189 990 теңге. Сатып алу кезінде HUAWEI Y5p сыйлыққа беріледі

Динамикалық портретті фотосуреттің көмегімен толыққанды сұлулық

HUAWEI nova тізбегінің смартфондары мобильді алдыңғы камералардың инновациялық технологиялары саласындағы селфиден бастап бейнеблогтар жүргізуге дейін көшбасшы позициясын ешкімге бермеді.

HUAWEI nova 10 құрылғысына ажыратымдылығы 2400×1080 пиксель және жаңартылу жиілігі 120 Гц тең иілген OLED-дисплей орнатылған. Дисплейдің жоғарғы жағында тура ортасында 60 Мп супер кең бұрышты алдыңғы камера орналасқан. Артқы жағында 50 мегапиксельді негізгі сенсоры, 8 Мп ультра кең бұрышты сенсоры және 2 Мп тереңдік сенсоры бар үш негізгі камера бар.

HUAWEI Multi-Vision Photography технологиясының арқасында HUAWEI nova 10 Pro құрылғысына алдыңғы камераға арналған жоғары сапалы екі қабат объектив орнатылған.  Бір объектив осы саладағы алғашқы алдыңғы 60-мегапиксельді супер кең бұрышты автофокусы бар камерамен жабдықталған, ол керемет ажыратымдылық пен жарық сезгіштікті қамтамасыз ететін 100 градусқа[1] тең шолу бұрышын, 4К тең бейне сапасын ұстанады. Оның үстіне, осы саладағы макротүсірілімге арналған алғашқы 8-мегапиксельді портреттік алдыңғы камера адамның қабылдау қабілетінің шекарасын кеңейтіп, сізге ірі пландағы портреттен қайталанбас сезімдер алу мүмкіндігін беретін 2 еселенген оптикалық зум мен 5 есе цифрлық зумға қол жеткізген.

Сонымен қатар HUAWEI nova 10 Pro әп-сәтте автофокус ұстау және төрт фазалы детекторлау (QPD) қызметі бар саладағы алғашқы алдыңғы камерамен жабдықталған, мұндағы әрбір пиксель  фототүсірілім мен фокус ұстауға[2] арналған. Әдеттегі автофокусты объективпен салыстырғанда мұның фокус ұстау жылдамдығы 30% артық, бұл кең бұрышты кескіндердің ажыратымдылығын 119%[3] жақсартады. Макротүсірілімге арналған портреттік камера мен басты объектіде автофокусты қолдану арқылы ірі пландағы портреттердің ажыратымдылығы ендігіде 150%[4] өсім көрсетпек.

XD Fusion кадр композициясы да кез келген сценарийге арналған мобильді фотосуретті жақсарта түседі: алдыңғы жарықтандыру, артқы жарықтандыру және нәзік боке әсерлеріне қол жеткізу үшін мультиэкспозициясы бар жоғары динамикалық диапазонды (HDR) түсіру, пайдаланушыларға ысырманы бір сипау арқылы портреттерді жақыннан анық және жоғары сапалы түсіруге көмектеседі.

HUAWEI nova 10 Pro құрылғысы 0,7X~5X зум арқасында 54 мм тең портреттік фокустық арақашықтықпен, 27 мм кең бұрышты фокустық арақашықтықпен, 19 мм тең супер кең бұрышты фокустық арақашықтықпен түсіреді. Бұл пайдаланушылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін кез келген қашықтықтан тұрақты әрі тамаша кескін сапасын қамтамасыз етеді.

Ал, HUAWEI nova 10 Pro артқы камерасы 50-мегапиксельді Ultra Vision Photography[5] камерасымен жабдықталған. Жарықтың 40%[6] жұтып қоятын әдеттегі қадағамен салыстырғанда, артқы камерасы Huawei флагмандық тобының RYYB түстік сүзгілерінің жиымын қолданады. Сонымен бірге ол QPD бірге әп-сәтте фокус ұстайды және ысырманы нөлдік ұстау технологиясын (ZSL) қолданып, аз жарықтанған жерлерде тамаша нәтижелерді қамтамасыз етеді, сондай-ақ әрбір сәтті есте сақтау үшін AI Snapshot қызметін қолданады.

Сәнді әрі жеңіл дизайн

HUAWEI nova 10 сериясы HUAWEI nova сериясының дизайн генетикасын мұраға алып, Star Orbit Ring дизайнын жетілдірді және дизайн құрылымына жылтырлық пен жібектей нәзіктік сыйлайтын жаңа Star Orbit Craft дизайнын бейімдеді. HUAWEI nova 10 Pro қалыңдығы 7,88 мм[7] және салмағы 191 г; ал HUAWEI nova 10 одан әлдейқайда жұқа әрі жеңіл келеді, оның қалыңдығы 6,88 мм, салмағы — 168 г. Екі үлгі де өнімділік пен ыңғайлы дизайнның арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз етеді.

HUAWEI nova 10 сериясының смартфондары ойын ойнау, бейнежазба немесе фотосуреттер қарау барысында экранның ашық көрсетуі мен бейненің егжей-тегжей көрінуіне көп көңіл бөледі, сөйтіп, пайдаланушыларға визуалға толыққанды енуге мүмкіндік береді. HUAWEI nova 10 сериясы 1,07 миллиард реңкті, 120 Гц дейін жоғары жаңарту жиілігін және 300 ГЦ[8] тең қолдың тиюін дискреттеу жиілігін қолданады, бұл пайдаланушыларға күнделікті операцияларды жасағанда, веб-парақшаларды қарағанда немесе смартфонды басқаша пайдаланғанда анағұрлым бейімді интерфейсті қамтамасыз етеді.

Сапалы бейне блогқа арналған Dual View Video функциясы

Бейне блог жүргізу жастардың өзін-өзі танытудың және күнделікті өмірлері туралы ақпаратпен алмасудың жаңа тәсіліне айналды, осы орайда, әсіресе, бейнеге зейін қойған танымал әлеуметтік желілер көптеп қолданылады. HUAWEI nova 10 Pro қуатты камералар жүйесін пайдалана отырып, пайдаланушылар өздерінің көптен ойластырып жүрген идеяларын жүзеге асыра алады.

HUAWEI nova 10 Pro екі алдыңғы камераның жетілдірілген автофокус мүмкіндіктері арқасында фокусты камерадағы әртүрлі нысандарға ауыстыра алады, ал Showcase Focus[9] функциясы арқылы нысандар тіпті үй ішінде түсірілген бейне блогтарда да анық көрсетіледі. Сонымен қатар, ол бір уақытта түсіру үшін смартфонның бірнеше камерасын пайдалана алады, яғни екі алдыңғы камераның, алдыңғы және артқы камералардың үйлесімімен көпкамералы түсірілім тәжірибесін, сондай-ақ «суреттегі сурет» түсірілімін, субъектінің бет-әлпетін, макияжды және керек-жарақтарды түсіру арқылы көп камералы түсіру тәжірибесін ұсынады. Сонымен қатар, кең ауқымды көру өрісімен далада суретке түсіру үшін пайдаланушылар зумды реттеп, 0,7X~5X зуммен оңай бейне түсіре алады, сонымен бірге айналадағы көркем суреттерді түсіру үшін алдыңғы камераның қуатты  қос қабатты автофокусының мүмкіндіктерін пайдалана алады.

Объектілерді артқы камераға түсіру кезінде HUAWEI nova 10 Pro бейне объектісін белгілеп алып, соның артынан жүріп отыратын Follow Focus функциясымен жабдықталған. Объект уақытша бұғаттаулы[10] болса да, ол камера алдында үзіліссіз қайта пайда болғанға дейін фокус нысанда қалады. Сонымен қатар, HUAWEI nova 10 Pro аудиотрекинг, фондық дыбысты басуды және P3 кең ауқымды түстер гаммасын қолданады. Оған қоса, nova 10 сериясы жоғары сапалы бейне блогтарды жасау үшін қозғалыстағы фотосуретті, бейнені тұрақтандыруды, түсті түзетуді, дыбысты түсіруді және өңдеу технологияларын қамтитын әп-сәтте бейне жасау қолданбасы Petal Clip қамтиды.

Сүйікті қолданбаларымызбен үнемі біргеміз

HUAWEI nova 10 смартфондарының сериясында AppGallery дүкенінен қолданбаларды табу және қауіпсіз жүктеп алу жеңілдетілген.

AppGallery дүкенінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қатаң механизмдері қолданылады.  Оларға зиян тигізуі мүмкін әрекетті анықтау, құпиялылықты тексеру, жариялаушының қауіпсіздігін тексеру кіреді. Бұл AppGallery қолданбаларын пайдалану кезінде пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Huawei AppGallery 170-тен астам ел мен аймақта Huawei құрылғысын пайдаланушыларға қызмет көрсететін қолданбалар дүкенінің үздік үштігінің қатарына кіреді.

AppGallery 18 түрлі санаттағы 200 000-нан астам қолданбаға қолжетімділікті ұсынады, оның ішінде өмір салты, саяхат және навигация, ойын, қаржы, сауда, ойын-сауық және т.б. бар.

HUAWEI SuperCharge жылдам қуаттау жүйесі

Бейне түсіру және ойын ойнау сияқты жоғары жиілікті сценарийлердегі автономды жұмыс істеу уақытына қатысты мәселелерді шешу үшін Huawei жылдам қуаттау технологиясындағы инновациялар саласында да көшбасшы болып табылады. HUAWEI nova 10 Pro құрылғысы HUAWEI SuperCharge 100 Вт қуаттау жүйесін қолданады және алғаш рет әп-сәтте қуаттау үшін қуат тұтыну шектеулерін еңсеретін Turbo жылдам зарядтау режимімен жабдықталған. Телефонды 60% қуаттау үшін 10 минут қана қажет, ал телефонды толық қуаттауға 20 минут[11] қажет — жаңа ойынды жүктеп алу үшін де осындай уақыт кетеді.

HUAWEI nova 10 Pro жылудың жылдамырақ және біркелкі таралуын қамтамасыз ететін VC Ultra-Generation сұйықтықты салқындату жүйесімен жабдықталған. Ол телефон бетіндегі ыстық нүктелерді анықтайтын және жылуды оңтайлы түрде қайта тарататын, пайдаланушымен салқын әрі жайлы әрекеттесуді қамтамасыз ететін жасанды интеллект негізіндегі температураны өлшеу технологиясын  қолданады.

Ойын үрдісіне келер болсақ, HUAWEI nova 10 Series құрылғылары Touch Turbo 2.0. жаңа технологиясымен жабдықталған. Пайдаланушылар перненің тиісінше операциясын іске қосу үшін телефонды сілкіп жіберсе болды, бұл мобильді ойындарды пайдалану тәжірибесін әлдеқайда жақсартты. HUAWEI nova 10 сериясы қос стереодинамикпен жабдықталған. Histen ультра кең дыбыс өрісінің арқасында пайдаланушылар музыка тыңдаса да, фильм көрсе де немесе ойын ойнаса да әсерлі дыбыс пен бейнеден ләззат ала алады.

Байланысу үшін HUAWEI nova 10 Series құрылғылары Wi-Fi 6 Enhancement және 4K QAM модуляциясын қолданады, бұл  аса жылдам, біркелкі жүктеп алуды және жылдам ақпаратпен алмасуды ұсынатын 3,2 Гбит/с дейінгі теориялық ең жоғары жылдамдықпен жылдам жүктеу және жүктеп салу жылдамдығын қамтамасыз етеді.

HUAWEI Device туралы:

HUAWEI өнімдері мен қызметтері 170-тен астам елде қолжетімді және оларды әлем халқының үштен бірі пайдаланады. Компания АҚШ, Германия, Швеция, Ресей, Үндістан және Қытай сияқты елдерде 14 ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық орталықтарын ашты. HUAWEI Device – смартфондар, ноутбуктер мен планшеттер, киетін құрылғылар, мобильді кең жолақты құрылғылар, үй шешімдері және бұлттық қызметтерді әзірлейтін және өндіретін HUAWEI үш бөлімшесінің бірі. HUAWEI жаһандық желісінің артықшылықтары, дүние жүзіндегі операциялар көлемі және дамыған серіктес желісі телекоммуникация саласындағы 30 жылдық тәжірибе негізінде құрылған.

Гания Аркенова

Қазақстандағы HUAWEI Device PR менеджері

Газиза Узак

 «SPN Communications» PR-агенттігі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...