Түркістан облысының полицейлері жоғалған қарияны отбасымен қауыштырды

Танымал

Ел аузында

Қазығұрт ауданының полицейлеріне жергілікті тұрғын хабарласты. Онда ер адам өзінің ауруханада ем қабылдап жатқан егде жастағы әкесі белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен. Жергілікті тұрғын әкесін бірнеше сағат бойы өздігінен іздеп, таба алмаған. Содан полицейлерден көмек сұрайды. Аталған хабар бойынша қазығұрттық полицейлер ұшты-күйлі жоғалған қарияны табу мақсатында жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. 
Ауруханаға жақын көшелерді, аулаларды біртіндеп тексеріп, болуы мүмкін делінген аймақтардың барлығын бақылады. Көрген-білгендерден сұрастырды. Барлық полицейлерге бағытнама беріліп, жан-жақты іздестірілді. Соның нәтижесінде із-түзсіз жоғалған егде жастағы қарияның жүрген жері анықталып, туыстарына аман-есен табысталды. Анықталғандай, тәртіп сақшылары қарияны шамамен 3-4 шақырым қашықтықтағы көрші ауыл маңынан жаяу кетіп бара жатқан жерінен тапқан. 
Өз кезегінде әкесінің дін аман табылғанына қуанған ұлы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді: «Менің әкем белгісіз бағытта шығып кетіп, содан оралмады. Тез арада полиция қызметкерлеріне хабар беріп, көмек сұрадым. Олар 2 сағат ішінде әкемнің жүрген жерін анықтап, тауып берді. Полицейлерге рақмет!». 
Тәртіп сақшылары тұрғындарға егде жастағы туыстарын үнемі бақылауда ұстау керектігін түсіндіреді. Жақындарыңыз немесе туыстарыңыз адасып, жоғалған жағдайда, тез арада полицияға хабарласыңыздар.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Ұлт коды: Өнердегі өрнек» атты ауқымды шара өтті

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды дәріптеген түрлі іс-шаралар легі жалғасып жатыр. Алматы облысы, Талғар ауданына...