Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17.5 C
Nur-Sultan
20.1 C
Almaty
21.8 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері жаңғақ ұрлаған тұрғынды анықтады

Танымал

Ел аузында

Түлкібас аудандық полиция бөліміне қарт әйел ұрлық туралы арызбен жүгінді. Ол полицияға үйінен жаңғақ салынған қапшықтары ұрланғаны бойынша арызданды. Бұл жайтты түлкібастық полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Хабарламаны алған тәртіп сақшылары бірден қылмысты ашуға бағытталған іс-шараларды атқарды. Олар аулаларды аралап, куәлардан жауап алды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, күдіктінің жеке басы анықталды. Аудандық полиция бөліміне жеткізілген күдікті жергілікті тұрғын болып шықты.

Тексеру кезінде сезікті жәбірленушінің үйіне сағат 12:00 шамасында байқатпай кіргені анықталды. Содан кейін ұры екі қап жаңғақты ұрлап, қашып кеткен. Қазіргі уақытта ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және өз мүліктері мен үйлерін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Мүмкіндігінше терезелерге темір торлар, ал есіктерге сенімді құлыптар орнатылуы қажет. Ұрлық немесе тонау жағдайында полицияға хабарласқан жөн.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...