Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22.7 C
Nur-Sultan
23.8 C
Almaty
30.1 C
Shymkent

Қазақстанда ЖРВИ-дің миллионнан аса жағдайы тіркелді

Танымал

Ел аузында

Биыл 1 қазаннан бастап ел бойынша 1 миллиоанна аса ЖРВИ жағдайы тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитария дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанның барлық аймағы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта, ал күн сайын 70-ке дейін жұқтыру жағдайы тіркеледі.

«Коронавирус инфекциясының тұрақты жағдайына қарамастан, біз ЖРВИ мен тұмаудың кезекті өсу сатысында тұрмыз, ЖРВИ мен тұмаудың тарау түрі де, алдын алу шаралары да бірдей.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда қалыптасып отырған жағдайды сипаттайтын болсақ, 1 қазаннан бері ЖРВИ-дің миллионнан аса жағдайы тіркелді», – деді Айжан Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Еліміздің бас санитария дәрігері тұмаумен ауырған 1000-нан аса жағдай зертханалық тексерулер арқылы расталғанын қосты.

«Сонымен қатар, биылғы эпидемиологиялық маусымда тұмаудың айналымы әдеттегіден ерте басталып, бүгінде А және В тұмауының екі түрі де тіркелгенін атап өткен жөн», – деп түйіндеді Есмағамбетова.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Fix Price Қазақстандағы ең қарқынды дамып жатқан non-food ритейлерлердің бірі атанды

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Fix Price дүкендер саны 349-ға жетіп, бір жыл ішінде 62 сауда нүктесіне көбейді. INFOLine аналитикалық агенттігінің...