Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Алматылықтар 20 млрд теңгенің дәрісін тегін алды

Танымал

Ел аузында

Биылғы жылдың өткен 9 айында Алматы тұрғындарына 20 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілді. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының қалалық филиалы хабарлады.
Филиал директорының орынбасары Жанар Кенжебаеваның айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгелі бері пациенттер бағасы көпшіліктің қалтасы көтере бермейтін қызметтерді белсенді түрде пайдаланып келеді. Соның ішінде медициналық қызмет көлемі ғана емес, сырқат түрлеріне қарай берілетін дәрі-дәрмек саны да бұрынғыдан бірнеше есе артты, дейді ол.
Бүгінде МӘМС және тегін медициналық көмек пакеттері шеңберінде 110 түрлі дерт бойынша тегін дәрі-дәрмек беріледі. Оның ішінде коронавирус инфекциясы да бар.
«Жалпы, 2022 жылы қос пакет шеңберінде Алматы қаласы бойынша пациенттерді амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтуға 26,6 млрд теңге бөлінген», – деді Жанар Кенжебаева.

Тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі?
Тегін медициналық көмек пакеті бойынша:
Диспансерлік есепте тұрған Қазақстан азаматтары, ықтиярхаты бар шетел азаматтары 47 түрлі ауру бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

МӘМС пакеті бойынша:
Белгілі бір сырқатына байланысты диспансерлік есепте тұрған, сақтандырылған азаматтар. Сақтандыру пакеті арқылы ересектерге 27 нозология бойынша, балаларға 52 нозология бойынша дәрі тегін беріледі.
Дәрі-дәрмек 18 жасқа толмаған балаларға дәрігер тарапынан диагнозы нақтыланғаннан кейін беріледі.

Тегін дәрі алу үшін не істеу қажет?
• Емханаға тіркелу
• Диспансерлік бақылауға жататын сырқаты болса есепке тұру
• Учаскелік дәрігер/терапевт немесе емдеп жатқан салалық маманнан дәрі-дәрмекке рецепт алу

МӘМС пакеті арқылы берілетін дәрілік заттардың нақты тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023885#z47

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...