Полицейлер көліктері батпаққа батып қалған тұрғындарға көмек көрсетті

Танымал

Ел аузында

Жетісай АПБ табиғатты қорғау инспекторы Жандос Агмасов, Шардара су жағалауының бойында балық аулаушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу кезінде, көл шетінде батпаққа тұралап  қалған 2  автокөлікті көреді. 
  Осыдан соң полиция қызметкерлері бірден әрекет етіп, көліктің жанына тоқтап, оларға көмек берді. Небары аз ғана уақыттың ішінде полицей өзінің қызметтік көлігімен батпақта тығылып тұрған автокөліктерді кезекпен  шығарды. 
Ал,  жергілікті тұрғындар  тәртіп сақшыларының жедел қызметтеріне тәнті болып,  алғысын айтты: «Жетісай ауданының полиция қызметкерлеріне көптен көп рақмет! Осылай мал іздеп келгенбіз, Сырдария өзенінің жағасындағы батпаққа  батып қалып едік,  шығарып берді. Жұмыстарыңа сәттілік»!  

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі|

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...