Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22.7 C
Nur-Sultan
23.8 C
Almaty
30.1 C
Shymkent

Полицейлері тұрғынның үйінен автокөлік бөлшектерін жымқырған ер адамды анықтады

Танымал

Ел аузында

Сарыағаш ПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Ер адамның айтуынша, түнгі уақытта сағат 01:00 шамасында оның тұрғын-үйінің жанында тұрған көлігінің бөлшектері мен арбасын белгісіз біреу жасырын түрде жымқырып кеткен. Жәбірленуші азаматқа келтірілген шығын көлемі 150 000 теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.
Сарыағаштық полицейлер күдіктіні ұстау мақсатында жедел-тергеу тобын құрып, куәлардан жауап алды, жақын аумақтарды мұқият қарап шықты. Нәтижесінде жергілікті тұрғын жұмыссыз орта жастағы азамат, анықталды.
Белгілі болғандай күдікті түнгі уақытта жәбірленушінің үйінің алдынан өтіп бара жатып арбаға көзі түседі. Содан ол арба мен автокөлік бөлшектерін жымқырып, темір сатып алатындарға небәрі 50 000 теңгеге сатып жіберген. Бүгінгі күні барлық ұрланған қөлік құралдарымен арба айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

 Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Fix Price Қазақстандағы ең қарқынды дамып жатқан non-food ритейлерлердің бірі атанды

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Fix Price дүкендер саны 349-ға жетіп, бір жыл ішінде 62 сауда нүктесіне көбейді. INFOLine аналитикалық агенттігінің...