Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Жергілікті тұрғын өзге біреу атымнан несие алды деп жалған ақпарат берген

Танымал

Ел аузында

Мақтаарал полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші жас жігіттің айтуынша, оның атынан белгісіз біреулер несие алған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында жедел уәкілдер қажетті іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде полицейлер жәбірленушінің өзі екенін анықтады.
Белгілі болғандай жәбірленуші өзінің атынан микроқаржылық ұйымнан несие алып, қарызын қайтара алмай қалған. Содан біраз уақыт өткен соң, банк қызметкерлері жәбірленушінің ата-анасына хабарласып, баласының несиесін төлемей жүргенін жеткізген. Осы сәтте жәбірленуші жас жігіт отбасына білдіртпес үшін бұл несиеге өзінің еш қатысы жоқ екенін, алаятардың құрбаны болғанын айтып жалған ақпарат берген. Бүгінге таңда жәбірленуші өз қателігін мойындап алдағы уақытта мұндай қателіктерге жол бермейтінін жеткізді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Халықаралық сенім мен ел имиджін нығайту жолындағы үлкен қадам

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі додасы өтуі әбден мүмкін. «Алматы қаласында құрлықаралық бұл доданы өткізуге...