Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.1 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
18.7 C
Shymkent

С.Сәпиев: «Қызметтен кетсем де спорттан кеткенім жоқ.»

Танымал

Ел аузында

Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы қызметінен кетті.

37 жастағы Сәпиев комитетті 2 жыл 9 ай басқарған кезде қазақ спорты қандай жетістіктерге қол жеткізді – деген сауалға енді жаппай жауап іздеу басталар. Алайда, биылғы жазғы Олимпиададағы теріс нәтиже ең алдымен тілге оралары белгілі. Өйткені, ол төрт жылда бір рет болатын аламан дода дайындығына жауапты болды. Тіпті, карантиннің кесірінен Жапониядағы жарыс кейінге шегеріліп, 4 емес 5 жыл дайындалуға мүмкіндік болса да спортшылар 8 қола иеленіп, бірінші рет бірде-бір алтынсыз елге оралды.  

Министрлік, Сәпиевтің бұл қызметтен өзге жұмысқа ауысуына байланысты өз қалауы бойынша бас тартқанын айтқан болатын.

Олимпиада чемпионы да өзінің Instagram-дағы парақшасында: Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Министрлікте жұмыс істеген уақытта жан-жақты қолдау көрсеткен басшылар мен әріптестеріме алғыс білдіремін. Бірақ, мен спортта қаламын – деп жазыпты.

Серік Сәпиев – 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы.


Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...