Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Түркістан облысында 2 тәулікте 1300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында желтоқсан айының 28-і күні «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Үш күнге созылатын шара, қоғамдық орындарда тиісті тәртіпті нығайтуға, жедел жағдайды жақсартуға, азаматтардың жеке басы мен мүлкіне қарсы қылмыстардың жолын кесуге, сондай-ақ жол-көлік оқиғалары мен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытталған. Аталған шараның екі тәулігінде облыс аумағында тәртіп сақшылары 36 қылмысты тіркеп, оның 24-ін ашты. Бұрын болған қылмыстар санатына жататын 4 қылмыс ашса, «Нелегал» есебінде тұрған 2 азаматты ұстады. Тәртіп сақшылары профилактикалық жұмыстар барысында 500-ден аса аула, 1800-ге жуық тізімдік есепте тұрған тұлғаларды тексеріп шықты. Одан бөлек облыс полицейлері 1335 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде қоғамдық сала бойынша 727 жайт. Яғни ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен 154 дерек, 437-бабымен 51 жайт, 440-бабымен 95 дерек анықталып, әкімшілік хаттама рәсімделді.
Оған қоса жол қауіпсіздігі желісі бойынша 608 құқық бұзушылық анықталды. Онда мас халде көлік басқарған 12 тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен шара көрілді. Ал қарсы қозғалыс жолағына өтудің 6 жайты бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен жауапкершілігі қаралды.
Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...