Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Учаскелік инспекторлар бейнебақылау камералары арқылы ұрлық қылмысын ашты

Танымал

Ел аузында

Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі хабарласып, құрылысқа қажетті құралдары ұрланғанын айтып арызданған. 
Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар қоймадан 3 дәнекерлеу машинасы мен перфораторын жымқырған. Ұрланған заттарының құны шамамен 300 мың теңге.
Оқиға орнына дереу учаскелік полиция инспекторлары шықты, олар ауланы аралап, куәлардан жауап алды. 
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен құрылыс заттарын ұрлаған күдіктіні анықтады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "Ұрлық" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы  анықталуда.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...