Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

«Жалған әке ойлап табуға мәжбүрміз»: Қазақстандық жалғыз басты аналар баланы тіркеу нормаларын өзгертуді сұрады

Танымал

Ел аузында

Жалғыз басты аналар баланы тіркеу нормасын өзгертуді сұраған. Олардың айтуынша, бір жыл бұрын енгізілген нормаға сәйкес құжатта әкесінің аты міндетті түрде көрсетілуі керек. Осы себепті аналары жалған есімдер ойлап табуға мәжбүр. Ал заңгерлер мұның келешекте үлкен мәселе тудыруы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды  «31» арнаның «Информбюро» жаңалықтар қызметі. 

Дарья есімді жалғыз басты анада баланы тіркеу кезіндегі мәселе туындаған. Жаңа нормаға сәйкес туу туралы куәлігінде баланың әкесі міндетті түрде көрсетілуі керек екен. Әрі әкесінің тегі анасының тегімен бірдей болуы шарт. Мұндай болмаған жағдайда құжат берілмейді. Осы себепті әйел жалған есім ойлап тапқан. 

«Мен неліктен жалған адамды ойлап табуым керек? Келешекте балама сұрақтар қойылмауы үшін әкесі құжатта көрсетіліп, барлығымен бірдей болғанын қалаймын», – дейді Дарья. 

АХАЖ бөліміндегілер аналарды жалған есім ойлап табуға мәжбүрлемейтінін айтады. Мұндай жағдайда әкесінің аты құжатта жазылмайды және келешекте ешқандай мәселе туындамайды дейді.

«Егер бала шетелге шықса немесе белгілі органдар әкесінің рұқсатын сұраса, анасы өзінің жалғыз басты ана екенін дәлелдейтін құжатты көрсетеді», – деп мәлімдеді Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының АХАЖ бөлімінің басшысы Ментай Сатыбалдина.

Заңгерлердің айтуынша, келешекте баланың әкесі қайта оралса, оның әкелігін орнату кезінде мәселе туындауы мүмкін. 

«Құжатта әкесі көрсетілмесе, не болмаса жалған мәліметтер жазылса, әкелігін орнату кезінде қиындықтар болуы мүмкін. Сонымен қатар алимент алу кезінде де осындай мәселелер болады», – деді қорғаушы Илья Махлов. 

Бұдан бөлек құжатта жалған есім жазылса, мұрагерлікті алу кезінде және құжаттағы қателікті өзгерту барысында қиындықтар болады. Себебі құжатта көрсетілген адамды таба алмауы мүмкін. Заңгерлер баланы тіркеу кезінде жалған есімді жазбауға кеңес береді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ораза-2024. Сәресін таң атқаннан кейін ішіп қойса, үкімі қалай болады?

Сәресін таң атқаннан кейін ішіп қойса, үкімі қалай болады? Бұл сұрақтың жауабы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында...