Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Алматы аймақтық көпсалалы клиника мамандары Францияның дәрігерлерімен тәжірибе алмасты

Танымал

Ел аузында

Алматы облысына Францияның Кюри институтының мамандары арнайы іссапарамен келіп, Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың қызмет көрсету барысымен танысты. Кюри институтының халықаралық даму бөлімінің басшысы Ж.Сустье, скрининг жөніндегі маман А. Лезур, медициналық менеджмент жөніндегі кеңесші Л. Монтевекки және алғашқы көмек жөніндегі маман Л. Кислинг сүт безі қатерлі дерттінің алдын алу мен скрининг бойынша клиниканың жұмыстарын көрді.

Бұл сапар Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен Францияның Кюри институты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум шеңберінде өткізілді.

Алматы аймақтық көпсалалы клиника директорының орынбасары Игорь Новиковтың айтуынша, жобаның мақсаты Қазақстанда сүт безі обырын ерте диагностикалау және скринингтің нәтижелілігін арттыру болып табылады.
-Франциядан келген әріптестеріміз маммологтың қабылдау кабинетінен бастап, сүт безі онкологиясын зерттеуге арналған технологияларды, скринингтен өткізу және «PACS жүйесінің» жұмыс істеу барысымен танысты, – деді Игорь Новиков.

Сонымен қатар Франциядан келген мамандар Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасына барып, сүт безі қатерлі ісігі бойынша скринингтің барлық кезеңдері, соның ішінде тіркеу, тексеру кабинеттері мен маммолог пен маммография кабинеттері, ультрадыбыстық зерттеу кабинеттерінің жұмысымен танысты.

Кюри институтының халықаралық даму бөлімінің басшысы Ж.Сустье скринингке қатысты біраз мәліметтер алғанын айтты.

  • Біз скрингке қатысты біраз мәлімет алдық. Екі мемлекеттің алға қойып отырған мақсаты бір – маммографиядан өткізу және скрининг арқылы ауруды ерте сатысында анықтау және көп уақыт жоғалтпай емді бастау. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды бірге жалғастырамыз, – деді Ж.Сустье.

Жалпы Алматы облысында 2200-ге жуық әйел сүт безі қатерлі дерті бойынша есепте тұр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының полицейі «Үздік жедел уәкіл» жарысынан жүлдемен оралды

ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық «Үздік жедел уәкіл» сайысы өтті. Онда ел аумағынан ең үздік деп танылған, өзінің...