Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері екі ер адамнан марихуана тәркіледі

Танымал

Ел аузында

 Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында, есірткі заттарын заңсыз сақтап, өзімен алып жүрген екі тұрғынды анықтады.      
Нақтырақ айтсақ, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Шардара қаласы көшелерінің бірінен есірткі сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды тоқтатты. Тінту кезінде одан өсімдік тектес есірткіге ұқсас заты бар орама табылды. Сараптама қорытындысы оның 1 грамға жуық марихуана екенін растады.   
Сонымен қатар шардаралық полицейлер тағы бір тұрғыннан есірткі анықтады. Күнделікті қызмет атқару кезінде көшеден тоқтатылған Шардара қаласының тұрғынынан марихуанаға ұқсас заты бар қағаз орамасы табылды. Сараптамаға сәйкес ол жалпы салмағы шамамен 3 грамм болатын марихуана болып шықты.       
Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді. Алынған заттай дәлелдемелерге сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының полицейі «Үздік жедел уәкіл» жарысынан жүлдемен оралды

ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық «Үздік жедел уәкіл» сайысы өтті. Онда ел аумағынан ең үздік деп танылған, өзінің...