Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17.5 C
Nur-Sultan
20.1 C
Almaty
21.8 C
Shymkent

Полицейлер тұрғынды тонап кеткен күдіктіні анықтады

Танымал

Ел аузында

Түркістан қалалық полиция басқармасына жас жігіттің тонау туралы арызы келіп түсті. Жәбірленушінің айтуынша, қалалық саябақтардың бірінде оған белгісіз біреу шабуыл жасап, ұялы телефонын тартып алған. Ұрланған ұялы телефонның құны 100 мың теңгеден асады.
Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркеп, күдіктіні іздестіру бойынша жедел шаралар қабылдады.
Түркістан қалалық полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, «ізін суытпай» тонау қылмысына күдіктіні анықтады. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі таңда тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған телефон заңды иесіне қайтарылды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...