Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Полицейлер 90 жасқа жақындаған қарияның жеке куәлігін жаңартып берді

Танымал

Ел аузында

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметіне тыл және еңбек ардагері Мәдибек Базаровтың жақындары, оның жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткенін, өзі баруға мүмкіндігі жоқ екенін жеткізген. Ақпарат алысымен көші-қон қызметкерлері шұғыл түрде төсек тартып жатқан қарияның құжаттарын дайындауға кірісті.

Полиция бөлімінің Көші-қон қызметі тобының инспекторлары ардагердің үйіне барып, құжаттарын даярлау үшін тиісті шараларды атқарды.
90 жасқа жақындаған ақсақалдың құжаттарын тез арада әзірлеп, дайын бола салысымен үйіне апарып табыстады.

Осылайша жеке куәлігін үйінен шықпай-ақ әзірлеп берген тәртіп сақшыларына ардагер мен оның жұбайы алғысын білдірді. Сондай-ақ ерлі-зайыпты қариялар халықтың қандай жағдай болмасын қасынан табылатын тәртіп сақшыларына ақ батасын берді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Халықаралық сенім мен ел имиджін нығайту жолындағы үлкен қадам

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі додасы өтуі әбден мүмкін. «Алматы қаласында құрлықаралық бұл доданы өткізуге...