Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

МӘМС реабилитациялық көмекті пайдалануға мүмкіндік береді

Танымал

Ел аузында

Бүгінде денсаулықты қалпына келтіруге бағыттылған медициналық реабилитацияға деген сұраныс жоғары. Қазіргі таңда Алматы қаласында оңалту қызметін көрсететін 76 клиника Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен.
Медсақтандыру арқылы көрсетілетін реабилитациялық көмек кімдерге қолжетімді? Оны пайдалану үшін не істеу қажет? Осы және өзге де сұрақтарға №11 Қалалық емхананың оңалту бөлімшесі меңгерушісі Дамиля Бердібаева жауап берді.

Айтуынша, медициналық оңалтудан төмендегідей жағдайларда өтуге болады:

  • негізгі немесе созылмалы сырқатты емдеу барысында;
  • хирургиялық манипуляциялардан кейін;
  • жарақат алғаннан кейін;
  • өмір сүру сапасын төмендетіп, қимыл-қозғалысты шектейтін сырқаттар кезінде.

Реабилитациядан өту үшін не істеу қажет?

  1. Медициналық көмектің кез-келген түрі сияқты, реабилитациядан өту үшін де алдымен тіркелген емханаға бару керек.
    2.Учаскелік дәрігер реабилитологқа немесе мультидисциплинарлық топ мамандарына жолдама береді.
  2. Олар аурудың пайда болуына, асқыну деңгейіне, сырқаттың денсаулық жағдайына қатысты мәліметтерді негізге ала отырып, бастапқы реабилитациялық диагноз қояды, денсаулықты қалпына келтіру жоспарын жасайды, курстың мерзімін белгілейді.
  3. Оңалту курсын амбулаторияда, стационарда, стационарды алмастыратын емдеу мекемесінде, үйде немесе санатория-курорттарда өтуге болады. Жоспарлы түрде ем қабылдайтын пациент стационарға «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы жатқызылады.
    Маман сөзіне сүйенсек, оңалту курсын емханалар мен ауруханалардан бөлек, оңалту орталықтары, спорттық-оңалту кешендері, санаторлық кешендер мен әлеуметтік-медициналық мекемелер де жүргізеді.
    «Мәселен, біздің бөлімшеде токпен емдеу, парафинотерапия, жиілігі жоғары ультратерапия (УВЧ/КВЧ), лектрофарез, диадинамотерапия (ДДТ), синусоидалды-модульденген ток (СМТ-терапия), соллюкс, ингаляция, рессотерапия, магнитотерапия, оттегі концентраторы, аппараттық және кәдімгі емдік массаж, тұз шахтасы сынды т.б. ем-дом түрлері қолданылады. Сонымен қатар, емдік-шынықтыру залы балалар мен ересектерге арналған тренажерлармен жабдықталған», – деп қорытты дәрігер.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...