«Бас терісін жұлып алған»: Атырауда 8 жасар баланы ит талап тастады

Танымал

Ел аузында

Атырауда ит шабуылының салдарынан сегіз жасар бала жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

«Атырауда 8 жасар балаға ит шабуыл жасады, ол жансақтау бөлімінде. Бас және аяқ терісі жұлынған, травматикалық шок жағдайындағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», – делінген хабарламада.

Оқиға 15 ақпанда сағат 19.00-де болды.

«2015 жылы туған бала бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Операция жасалды. Жағдайы тұрақты. Куәгерлердің айтуынша, балаға ит шабуыл жасаған. Тиісті органдар тексеруді бастады», – деп хабарлады Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АБАЙ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор, ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толып отыр. Абай...