Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-15 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

«Қазақтың Алла Пугачевасы болдым»: Шаһизада жаңа жігітінің өзінен 18 жас кіші екенін айтты

Танымал

Ел аузында

Жақсы көретін адамыңа түсінікпен қарау керек.

Отандық әнші Шаһизада әлеуметтік желіде хит болған жігіті жайлы бар шындықты айтты. «Қыздар-ай» бағдарламасында Шаһизада жаңа сүйіктісінің өзінен 18 жас кіші екенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Басым бос емес. Ерболат (Ержанбаев – ред.) өзі көптен сахнада жүрген әнші. Бірінші әпке, бауыр болдық. Сосын оның жүрегі шым ете қалды. Не істеймін енді? Арамыз 18 жас. «Махаббат жасқа қарамайды», «Жүрекке әмір жүрмейді» деген сөз бекер айтылмаған. Жақсы көретін адамыңа түсінікпен қарау керек. Ішім жылайды, көбінесе ән арқылы шығарып тастаймын. Қазақтың Алла Пугачевасы болдым ғой», – деді Шаһизада.

Ал Ерболат Ержанбаев Шаһизаданы бала күнінен танитынын айтып, бағдарлама барысында сүйіктісіне гүл шоғын тапсырды.

«Шәкеңді 1998 жылдан бері, бала кезден танимын. Ғашықтық кейін пайда болды. Мына күні ғашық болдым деп айтпай-ақ қояйын. Өздеріңіз де әлеуметтік желіден көріп жатырсыздар ғой», – деген Ерболат Ержанбаев бағдарламада Шаһизадаға ән тарту етті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Шаһизада үшінші күйеуіне де алданып қалғанын айтқан болатын. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...