Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

«Оларды не байланыстырады?»: Құрмаш Маханов желіде тараған суреттерге қатысты шындықты айтты

Танымал

Ел аузында

Кезінде талай әншінің бағын ашқан «Ұят болмасын» деген бағдарлама болды.

Танымал әнші Құрмаш Маханов «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болып, өзінің «үйлену тойынан» тараған суреттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде Құрмаш Махановтың той көйлегіндегі Айгерім Қалаубаева, Айгүл Иманбаевамен түскен суреттері таралды. Бұған қатысты шындықты Құрмаш Махановтың өзі айтқан.

«Кезінде талай әншінің бағын ашқан «Ұят болмасын» деген бағдарлама болды. Сол жобада мен Бекжан Тұрыс ойнайтын Ақылбай ақсақалдың жиенін сомдадым. Бойдақ жігіттің рөлі еді. Бағдарлама сценариі бойынша маған барлығы қашан үйленесің деумен болады.

Кейін аталған бағдарламаға клип түсіріліп, сол бейнебаянда мені «үйлендіреді». Айгерім Қалаубаева қалыңдықтың рөлін ойнады. Екеуміздің «Москвичпен» келе жататын жерлеріміз бар. Ал Айгүл Иманбаевамен түскен «үйлену тойындағы» сурет менің бейнебаянымнан алынған», – деді әнші.

Еске сала кетейік, бүгінде Құрмаш Маханов өзінің сүйікті жарымен бақытты өмір сүруде. Ол болашақ жарына кездесер алдында ерекше ән жазғанын айтқан болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұлытау облысындағы шахта апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы облыстық ПД өкілдері мәлімдеді.Ұлытау облысындағы "Жомарт" шахтасында болған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  Шахтадағы апат...