Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4.3 C
Nur-Sultan
11.5 C
Almaty
11.8 C
Shymkent

«Шымбұлақ» Гиннестің рекордтар кітабына енді

Танымал

Ел аузында

Бұл әлемдегі жаңа рекорд. Бұл бүкіл ел үшін үлкен жетістік.

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Guinness World Records офисінің судьясы Шейд Субаши-Гемиджи «Шымбұлақтың» бас директоры Ринат Абдрахмановқа әлемдік рекордты растайтын сертификат табыс етті.

«Шымбұлақ» тау курорты әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы ретінде ресми түрде Гиннес рекордын алғанын қуана хабарлаймын. Бұл – әлемдегі жаңа рекорд», – деді Шейда Субаши-Гемиджи.

Шараға қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов аталған жетістікті «ел мақтанышы» деп атады.

«Бұл алматылықтардың ғана жетістігі емес, бүкіл еліміздің мақтанышы. Барлығыңызды құттықтаймыз! Шымбұлақ – туризмді дамытуға арналған негізгі нысандардың бірі», – деді министр.

Айта кетсек, сертификат тапсыру рәсімі және рекорд нәтижесін ресми тіркеу шарасы теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте «Талғар асуы» станциясында өтті. Бұл нүктеден түнгі шаңғымен сырғанау 2021 жылдың қарашасында басталып, сол уақыт аралығында жүздеген мың адам түнгі уақытта ең жоғары нүктеден түсіп үлгерді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...