Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15.1 C
Nur-Sultan
10.2 C
Almaty
8.5 C
Shymkent

Ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті – Тоқаев

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ уақыт оппозиция қатарынан көрінген партия Парламентке өткенін айтты. Президент бұл туралы VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сайлау науқаны кезінде көптеген орынды сын, байыпты ұсыныс айтылды. Біз айтылған салмақты ұсыныстарды міндетті түрде зерделейміз. Бәсеке жоғары болғандықтан, сайлау нәтижесін алдын-ала болжау мүмкін емес болды. Оның қорытындысы еліміздің нағыз көппартиялы мемлекетке айналу жолында маңызды қадам жасағанын көрсетті. Мемлекет басшысы ретінде айтарым, Мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келді деп есептеймін. Алғаш рет ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. Біз осының бәріне ауқымды саяси реформаның арқасында қол жеткіздік. Партияларды тіркеу мәселесін реттейтін заңнаманың өзгеруі де бұған септігін тигізді», – деді Президент.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұсақ бұзақылыққа бейжай қарауға болмайды

Қоғамда қалыптасып отырған жағдайларға, заманауи қажеттіліктерге орай Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер мен түзетулер енгізілгенінен көпшілік жақсы хабардар....