Бұл өмірде кім қателеспейді кім шалыс баспайды. Жаңылмайтын жақ сүрінбейтін тұяқ
жоқ демейме халқымыз. Осы халықтық көзқарас тұрғысынан келсек сотталғаннан кейін
жазасын өтеп келген жандарды қоғам өзекке теппесе керек. Керсінше маральдық
психологиялық және әлеуметтік құқықтық тұрғыдан тиісті көмектер берілсе олар еркін
өмірге тез сіңісіп кетері анық.
Бұл ретте аудан орталығында ашылған «Пробация үйі» жыл
сайын өз жұмысын жалғастыруда. «Пробация үйі» ауданымыз бойынша тіркелген тұлғаларға
өз шапағатын тигізіп келеді. Соның нәтижесінде бірқатары жұмыспен қамту орталығы
арқылы бірі қоғамдық жұмыспен қамтылса, енді бірі өзінің жеке кәсібін ашу үшін шағын
несие алуға ниет білдірді. Осы жоба биылда жалғасын тапты. «Пробация үйі» бағдарламасын
жүзеге асыруға аудандық прокуратура өкілдері, пробация қызметі, жұмыспен қамту бөлімі,
денсаулық сақтау, кәсіпкерлік басқармалары секілді бірнеше тиісті органдар атсалысты. «Бір
терезе» қағидатымен азаматтарға қажетті көмек түрлерін көрсетті, кеңес берді. Пробация
қызметі есебінде тұрған тұлғалардың қай-қайсысы болмасын әлеуметтік қажетті көмек
түрінен тыс қалып көрген емес. Мұндағы басты мақсат- жазасын өтеушілер қайтадан қылмыс
жасауға ұмтылу әрекеттерінің алдын-алу қылмысқа итермелейтін себептерге жол бермеу
және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды өмірге тезірек
бейімделіп кетуіне жағдай жасау болып табылады.
Б.Т.Нурахметов, Абай облысы бойынша ҚАЖД
Тарбағатай аудандық №2 ПҚ
аға инспекторы